news-kz

«Батысқазжерқойнауы» ӨД Ақтөбе өңірлік инспекциясы

Ағымдағы жыл басынан бастап, 09.09.2021ж. жай-күйі бойынша Ақтөбе өңірлік инспекциясының инспекторларымен:

-арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін, 26 келісім берілді;

-кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 2020 жылға жұмыс бағдарламасы және лицензиялық\келісімшарттық талаптар мен міндеттемелерді орындау жөніндегі 163 есеп қабылданып, мәліметтер базасына енгізілді;

-Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша орындалған жұмыстарды қарау және бақылау мақсатында, жергілікті жерге бару жүзеге асырылды;

-жер қойнауын пайдаланушының балансына келісімшарттық аумақта орналасқан бұрын бұрғыланған ұңғымаларды беру жүзеге асырылды;

- кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану сұрақтары бойынша сарапшылар кеңесі және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс тобы отырыстарына қатысу.