news-kz

2021 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясы тарапынан келесі жұмыстар атқарылды:

- Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында арнайы су пайдалану рұқсатына келісімдер берілді - 38 келісім;

- «Гидрогеологическая съемка с инженерно – геологическими исследованиями листа М-40-VII (Западно-Казахстанская, Актюбинская области, 2580 кв.км) масштаба 1:200 000» мемлекеттік бюджеттік объектісінің далалық жұмыстарына тексерулер жүргізуде, шығып тексеру жүргізілді;

- инспекцияның геологиялық қорындағы геологиялық ақпараттарға сараптама жүргізілді;

- "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ жанындағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесінің отырыстарына (WhatsApp мессенджері арқылы онлайн), сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобына қатысты;

- Батыс Қазақстан облысының экология департаменті базасында құрылған "Адалдық алаңы" жобасының отырыстарына қатысты;

- мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың жазбаша сұрауларына және азаматтардың өтініштеріне жауаптар жасалды;

- Фаза - 1 бағдарламасының "Еуразия" халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде геологиялық-геофизикалық материалдарды дайындау және жөнелту жүргізілді.